Бүгін, 30 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Бұл күні пара таеквондодан Камила Досмалова (57 келі) Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал пара жеңіл атлетикадан Салтанат Әбілқасымқызы (100 метр жүгіру) сынға түседі.

Айта кетсек, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.

Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босниямен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ пара таеквондодан қазақстандық Милана Красавцева жұбаныш кездесуінде мысырлық спортшыға есе жіберіп, медальға ие бола алған жоқ.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді