Жұма, 30 тамыз күні хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирі Братиславада (Словакия) өтіп жатыр. Екінші кездесуде қазақстандық хоккейшілер Австрия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан – Австрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!