Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының тарихындағы үздік сұрмерген ретінде жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар, Роналду Чемпиондар лигасында қайта ойнағысы келетінін айтты.

«Еуропаға оралу ма? Болашақта не боларын ешкім білмейді. Чемпиондар лигасында қайта ойнап қалатын шығармын. Көреміз. «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасын төрт рет жеңдім. Мен келген кезде маған қысым болды, себебі ең қымбат футболшы едім, ал біз турнирді жеңе алмай жүрдік. Бірақ қолымыздан келді. Жеңіс режимін қостық», – деді Роналду.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!