Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 32-орында) АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында италиялық Жасмин Паолинимен (5-орында) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Паолини чехиялық Каролина Плишковамен (44-орында) ойнады. Бірақ Плишкова матчтың басында жарақат алып, кортқа шыққаннан кейін алты минуттан соң жарысты тоқтатты.

Айта кетейік, Юлия Путинцева US Open-2024 турниріндегі алғашқы кездесуінде чехиялық Линда Носковадан (25-орында) 7:6, 6:4 есебімен басым түскен, кейін қытайлық Синьюй Ванды (40-орында) 6:1, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Путинцеваның US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі – 2020 жылы ширек финалға шығуы.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!