«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаннан кейін алматылықтардың қолдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» еурокубоктарда ойнағанда, жанкүйерлер бірігеді. Біз елдің намысын қорғаймыз. Алматылықтардың қолдауына күмәніміз болған жоқ. Атмосфера керемет болды. Алдағы бірінші үйдегі матчта трибуна толы болатынына сенімдімін», - деді Бабаян.

Айта кетейік, «Астана» өз алаңындағы ойындарын Алматыда өткізіп жатыр. Елордалықтар Норвегияның «Бранн» командасын жеңіп, УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!