«Браннның» бас бапкері Эрик Хорнеланд Конференция лигасының плей-офф кезеңінде «Астанадан» 0:3 есебімен жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл - футбол психологиясы. Біз өз мүмкіндіктеріміз үшін күрестік. Жақсы бастадық, ерте гол соғуға мүмкіндігіміз болды. Қарсылас бір апта ішінде жақсы дайындалған. Бірінші ойын шабуылға толы болды, екі команда да шабуылдады. Мұндай ойынды жеңу үшін біз допты бақылап, ойынды өз ырғағымызда өткізуіміз керек еді. Ойыншыларым көптеген түсініксіз шешім қабылдады. Доппен де, допсыз да нашар ойнадық. «Астана» күресті, 2:2 есебін орнатты, ал біз қосымша уақыт болады деп ойладық», – деді Хорнеланд.

Айта кетейік, «Астана» Алматыда «Браннды» 3:0 есебімен жеңіп, жалпы есеп бойынша 3:2 нәтижесімен Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!