Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ Ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева екінші айналымда қытайлық Синьюй Ванды 6:1, 7:6 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 1/8 финал жолдамасын К.Плишкова (Чехия) - Я.Паолини (Италия) матчының жеңімпазымен сарапқа салады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!