2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде хоккейден Қазақстан командасы іріктеудің алғашқы матчында жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

Бірінші кездесуде Қазақстан құрамасы Венрияға қарсы ойнаған болатын.

Ойында алғаш боп біздің команда есеп ашып, Никита Михайлис мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңнің басында қарсыластар есепті теңестіргенімен, Дмитрий Бреус команданы дереу алғашқы шығарды.

Содан соң, Максим Мұхаметов қақпаны дәл көздесе, венгрлер тағы бір шайбамен жауап берді. Үшінші кезеңде Никита Михайлис Венгрия қақпасы на тағы екі шайба соғып, хет-трек жасады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!