Еркін күрестен Қазақстан жастар командасы Испанияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаттығу жиының екінші кезеңі 21 тамыз- 4 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Балуандар Алматы облысында дайындалады.

Айта кетелік, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігіне төмендегі спортшылар қатысады:

57 келі: Мықтыбек Үкіметұлы

61 келі: Әбдінұр Нұрланбек

65 келі: Алайдар Шаттық

70 келі: Айқын Болатұлы

74 келі: Егор Анчугин

79 келі: Ерхан Бексұлтанов

86 келі: Навруз Ахмедханов

92 келі: Камиль Куруглиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Әлихан Құсайынов