Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жәния 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанған.

Отандасымыз турнир барысында 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен.