Қазақстан хоккей федерациясы Қазақстан құрамасының жаңа эмблемасын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК ақпараты бойынша, жаңа эмблема алтын бүркітті бейнелейтін хоккей таяқшасының құрамынан тұрады.

Сурет: ҚР ҰОК

Элементтерінің қиылысында команданың ұлттық ерекшелігін анықтайтын шаңырақ пайда болады.

Сурет: ҚР ҰОК

Бірыңғай эмблемада біріктірілген бүркіт, шаңырақ және хоккей таяқшасы ұлттық рухты көрсетеді.