Таиланд корольдігінде велотректен Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күнінде жекелей із кесу сайысында Ұлттық құрама спортшысы Максим Хорошавин 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, барлығы 10 елден 167 спортшы бақ сынап жатқан бәсекеде 8 отандасымыз өнер көрсетеді. Олар: Әлішер Жұмақан, Илья Карабутов, Рамазан Мұхтар, Андрей Чугай, Кирилл Курдиди, Ризван Бейсенбаев, Виктор Голов, Максим Хорошавин;

Бәсеке 30 тамызда аяқталады.