28 тамызда Таиландта велоспорттан Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының спортшысы Максим Хорошавин 3-орынға (жеке ізге түсу), ал Кирилл Ефа жасөспірімдер арасында екінші орынға тұрақтады.

Жарысқа 10 елден 167 спортшы қатысып жатыр. Еліміздің атынан 8 спортшы қатысуда.

Турнир 30 тамызға дейін жалғасады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!