Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Чжанцзяганда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық екінші айналымда Қытай Тайбэйінің теннисшісі Ву Тун-Линнен 7:5, 2:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 37 минутқа созылды.

Келесі айналымда Ву Тун-Лин жапониялық Ясутака Утиямамен кездеседі.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!