Бейсенбі, 29 тамыз күні хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирі Братиславада (Словакия) өтеді. Алғашқы ойында қазақстандық хоккейшілер Венгрия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан - Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Австрия және Словакия құрамаларымен де ойнайды. Австриялықтармен ойын 30 тамызда, ал Словакиямен 1 қыркүйекте өтеді. Топтың жеңімпазы 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болады.