Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ ашық біріншілігінің екінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы теннисшінің қарсыласы әлемдік рейтингте 20-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафо болды.

Ойында 6:3, 6:1, 1:0 есебімен америкалық теннисші жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.