Елдос Сметов Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баруы мүмкін. Бұл жөнінде дзюдошы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты:

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!