Алғаш рет Австрияның қос клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz

«РБ Зальцбург» іріктеуден сүрінбей өтті. Пеп Линдерс шәкірттері іріктеудің соңғы раундында украиналық Динамо Киевтен (2-0, 1-1) басым түсті.

Ал «Штурм» өткен маусымда чемпион атанып, тікелей жолдама алды.

Бұған дейін бір маусымда Австрияның екі бірдей клубы ЧЛ-нің жалпы кезеңінде (осыған дейінгі топтық кезең) өнер көрсетпеген.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!