Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун команданың маусым соңына дейінгі жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

Бас бапкердің мәліметінше, жыл соңына дейін спортшыларды бірқатар жарыс күтуде.

«Келесі жарыс тізбегі қазан айында басталады. 3-9 қазан аралығында Астанада Қазақстан кубогі өтеді.

Ал 10 қазан күні Үндістанда әлем кубогі өтеді. Бізден бұл сынға Константин Малиновский ғана шақырту алды. Егер басқа жаттығулар бойынша тағы шақырту түсіп жатса, спортшыларымызды жібереміз.

Қазанның соңында дәстүрлі Владимир Почивалов турнирі өтеді. Барлық қару түрі бойынша Қазақстан кубогінің финалын желтоқсанның басында Шымкентте ұйымдастырамыз.

Содан соң қорытынды жаттығу жиыны өтеді. Жиын Катар немес Кувейтте болады деген жоспарымыз бар», - деді бас бапкер Ольга Довгун.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында нысана көздеуден Қазақстан намысын алты спортшы қорғады. Олардың арасында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдегер атанды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!