Әлемнің 32-ші ракеткасы Юлия Путинцева теннистен US Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде ол әлемнің 25-ші ракеткасы чех теннисшісі Линда Носкованы ұтты. Кездесу 7:6 (7:4), 6:4 есебімен Қазақстан өкілінің пайдасына аяқталды.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

АҚШ-тағы жарыстың екінші кезеңінде Путинцева қытайлық Ван Синьюге қарсы ойнайды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!