«Ордабасы» футзал клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік команданы бразилиялық Хосе Алесио Да Силва баптайды.

55 жастағы маман карьерасында ресейлік «Спартак» пен «Газпром-Югра», «Қайрат», әзірбайжандық «Араз-Нахчыван» командаларын жаттықтырып, Әзірбайжан құрамасының да тізгінін ұстаған.