Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Олимпиада кезінде түбі бір түркі жұрты өзара тілектестік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Спортшылар да, жанкүйерлер де көрші елдердің әрбір жеңісіне шын жүректен қуанды. Бір-біріне қолдау білдіріп, қажет болса көмектерін де аяған жоқ. Тіпті, балуандарымыз жеңіс тұғырына туған бауырлар сияқты бірге көтерілді. Көшпенділер ойындары бауырлас елдердің осындай мызғымас бірлігін бекемдей түспек. Сондықтан оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек», – деді Президент.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!