Иран мен Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матчтардың өтетін уақыты мен орны өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының Иранға қарсы жолдастық матчтары «Сайран Арена» (Астана) спорт кешенінде өтеді. Ал Аргентинамен ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына ауысты.

Сондай-ақ жолдастық ойындардың басталу уақыты өзгерді. Иранға қарсы алғашқы ойын 30 тамыз күні 15:00-де өтсе, Аргентинамен матч 7-ші қыркүйектен 8-не өзгерді.

Бұған дейін Иранға қарсы бақылау ойындары Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, ал Аргентинамен матч Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді деп хабарланған еді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!