Мемлекет басшысы Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысатын шетелдік спортшыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн»,– деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 11 легионер қатысып, бірде бірі жүлделі орыннан көрінген. Теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарыс жолына шыққан да жоқ.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!