«Аль-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы португалиялықтың «Аль-Насрмен» келісімшарт мерзімі 2025 жылдың жазына дейін.

«Футболмен жақында қошатасамын ба, әлде екі-үш жылдан кейін бе, әлі білмеймін. Бірақ масабымды «Аль-Насрда» аяқтайтын шығармын, өйткені осында өзімді бақытты сезінемін. Осы ел мен осы лига маған өте жайлы. Маған Сауд Арабиясы чемпионатында ойнаған ұнайды, осында жалғасты доп тепкім келеді», - деп келтірді Роналдудың сөзін A Bola.

Жаңа маусымның басында Роналду «Аль-Наср» сапында 3 матчта 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.