Қазақстандық теннисші Александр Шевченконың (АТР рейтингінде 61-орын) АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/32 финалдық кезеңде қазақстандық америкалық теннисші Фрэнсис Тиафомен (20) кездеседі.

Матч 28 тамыз күні Астана уақытымен 20:00-де өтеді.

Айта кетейік, бірінші айналымда Шевченко германиялық Доминик Кёпферді 6:3, 7:5, 5:7, 6:2 есебімен ұтқан болатын.