Қазақстандық «Семей» және «Қайрат» клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңнің төртінші тобындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан күндері Алматы қаласында өткізіледі.

Айта кетсек, әрбір топтан үш үздік команда жарыстың элиталық кезеңіне шығады.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Сондай-ақ алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді. Ал, семейлік клуб еурокубок ойындарында алғаш рет сынға түседі.

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі:

22 қазан

«Семей» - «Спортинг» (Португалия)

«Қайрат» - «Халадаш» (Венгрия)

23 қазан

«Халадаш» (Венгрия) - «Спортинг» (Португалия)

«Қайрат» - «Семей»

25 қазан

«Семей» - «Халадаш» (Венгрия)

«Қайрат» - «Спортинг» (Португалия).

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!