«Валенсия» және Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили «Ливерпуль» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 23 жасар қақпашының 35 млн еуроға ауысуы бойынша келісім толық жасалды, және футболшы дүйсенбі күні медициналық тексеруден өтеді.

Айта кетейік, Мамардашвили «Ливерпульге» тек келесі жазда қосылады, ал қазіргі маусымды «Валенсияда» өткізеді.