Париждегі Олимпиадада дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаевты туған жері - Түркістан облысы Төлеби ауданы Диханкөл ауылының тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорт шеберіне құрмет көрсету үшін салтанатты іс шара өтіп, ән мен әрлеп, айтыспен жалғасқан.

Ғұсманға жерлестері шапан жауып, қомақты сый табыстап, ауыл тұрғындарынының ұйымдастыруымен сәйгүлік мінгізді.