КХЛ президенті Алексей Морозов қазақстандық «Барыс» клубының Континенталдық хоккей лигасынан шығуды жоспарламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan.

«Біз Қазақстан федерациясымен және клубпен байланыстамыз. Олардың КХЛ-дан шығуға ниеті жоқ екенін көріп отырмыз. Өзара түсіністік бар. Біз ресейлік және шетелдік клубтармен сөйлестік, Халықаралық хоккей федерациясының не істей алатынын түсінеміз. Егер тәуекелдер болған жағдайда, «Барыс» КХЛ-дан шығуы мүмкін еді, бірақ бәрі заңгерлермен мұқият талқыланды», – деді Морозов журналистерге.