Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында оны бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шақырған украиналық Даниэль Донченконың ұсынысы туралы пікірін айтты.

«Иә, ол бокс ережесі бойынша кездесу өткізуді ұсынды. Бұл керемет идея деп ойлаймын. Бұл жақсы жекпе-жек деп есептеймін – ММА-де де бір-біріміздің рекордымызды бұзбаймыз. Қазақстандағы, тіпті, жалпы ТМД-дағы ММА жанкүйерлері үшін жақсы кездесу болмақ. Бокс бойынша – екеуміз де соққы жасағышпыз. Мен бокс мектебінен өткенмін, Даниді білмеймін... Бірақ оның боксы онша емес – себебі көп соққы өткізіп алады. Әрине, онымен жұдырықтасқым келеді. содан кейін ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізсек.

Бірақ, әрине, алғашқы міндет – «парсы кілемі». Оны бір қағып алу керек. Ол басымды жұлып аламын деп қорқытып жүр... Алғашқы міндет – Хейбати. Содан кейін жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған жоқпын. Тек осы бокс болмаса. Осындай жоспарлар бар», - деп түсіндірді «Қазақстандық МакГрегор».

Бұрын хабарланғандай, Рафиков (23-7) «Парсы дағыстаны» лақап атымен танылған Мохаммед Хейбатимен (5-4) жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасқан еді. Бұл кездесу Naiza FC ұйымында қазан айында өтуі мүмкін. Донченко (10-2) қазіргі уақытта Naiza FC-нің жеңіл салмақтағы чемпионы саналады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!