Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатына дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің төртінші ракеткасы US Open турнирі алдында Қазақстанның ерлер және әйелдер теннис құрамаларының капитаны Юрий Щукинмен бірге жаттығуда.

Еске салайық, бұған дейін Рыбакина 2019 жылдан бері бірге жұмыс істеп келген бапкері Стефано Вуковпен қоштасқаны белгілі болды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші WTA-ның сегіз титулын жеңіп алды. 2022 жылы Рыбакина Уимблдонның жеңімпазы атанды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!