Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі қазақстандық танымал актер қатысатын OCTAGON 63 турнирінің күні мен басты жекпе-жегін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ивент 27 қыркүйекте Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде өзбек файтері Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслано Касымалы уулу (8-0) күш сынасады.

Сондай-ақ, турнирде қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (7-3) жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы үндістандық тәжірибелі Кушал Вяс (11-16) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!