Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.

Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.

Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.

Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!