Хомутов қаласында (Чехия) жергілікті «Пираттар» командасы мен Қазақстан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілер 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапында шайба соққандар: Максим Мұхаметов, Артем Лихотников, Роман Старченко және Никита Михайлис ал «Пираттар» сапында Иржи Фронк және Франтишек Мала.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Братиславада (Словакия) өтетін 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеуге дайындалып жатыр.

Бұл шағын турнирде Қазақстан алаң қожайындары Словакия құрамасымен бір топта кездеседі, сонымен қатар Австрия, Венгрия құрамаларымен ойнайды. Топ жеңімпазы 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болады.