Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Тбилисидегі әйелдер арасындағы Гран-при турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибісара Асаубаева мүмкін болатын тоғыз ұпайдан 5,5 ұпай жинады. Ол барлық қашықтықты жеңіліссіз жүріп өтіп, екінші орынды иеленді.

Грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду 5 ұпаймен үшінші орын алды.

Бибісара Асаубаева қатысатын келесі кезең осы жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Baku Open 2024 турнирінде әйелдер арасында бірінші орын үшін Бибісара Асаубаева 1,5 мың доллар (720 мың теңге) жеңіп алған болатын.