Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 18-турының алғашқы ойын күні аяқталды.

Бірінші ойын күнін «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары қорытындылады.

Қызылордалық клуб ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Оған талдықорғандық клуб лайықты қарсылық көрсетті. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Бұл ойыннан кейін «Қайсар» жетінші орынға сырғыса, «Жетісу» тоғызыншы орынға көтерілді.