Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни спорттан өмір бойына шеттетілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.

"63 жастағы маман уақытқа спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын", – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.