Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізді.

Кездесу барысында ел құрамасынан Арнольд Кнауб, Азат Валиуллин, Қанат Жеткирбаев, Дуглас Жуниор мергендік танытса, оған тәжікстандық футзалшылар үш голмен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп кетті.