Бүгін елордалық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов кубогында үшінші ойынын Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында ресейлік клубтан Михаил Котляревский 2, Сергей Телегин 4-минутта екі шайба соқса, оған Дамир Жафяров 13-минутта бір голмен жауап берді.

Екінші кезеңде «Трактор» хоккейшісі Никита Тертышный 32-минутта басымдықты арттырса, «Барыс» сапынан Уэйд Эллисон 38-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Ойынның 56-минутында ресейлік клубтан Чарльз Робинсон қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді елордалық клуб 25 тамызда 11:00-де аталған турнирде соңғы ойынын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.

Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.