Шымкенттік «Ордабасы» клубының жаңа бас бапкері болып Кирилл Кекер тағайындылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Маман қазіргі Қазақстан чемпионымен келісімшартқа қол қояды, ол 2024 жылғы маусымның соңына дейін жарамды болады. Келісімшарт 18-турдағы «Ақтөбемен» өтетін матчтан кейін ресми түрде жасалады.

Бұған дейін Кекер алматылық «Қайраттың» бас бапкері болған, бірақ 2023 жылдың сәуірінде қызметінен босатылғаннан кейін академияның аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.