«Наполи» Скотт Мактоминей үшін «Манчестер Юнайтедке» 25 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джанлука Ди Марционың ақпараты бойынша, италиялық клуб 27 жастағы Мактоминейдің трансфері «Брайтон» жартылай қорғаушысы Билли Гилморды сатып алудан маңызды деп санайды.

Дегенмен, клуб екі ойыншыны да сатып алуға тырысады.

Мактоминей «Манчестер Юнайтед» сапында 2016/17 маусымынан бері өнер көрсетіп келеді.