Беларусь чемпионатының 19-турында «Ислочь» қонақта «Арсеналдан» (Дзержинск) 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев «Ислочь» командасының негізгі құрамында алаңға шығып, ойынның 27-минутында гол соқты. Бұл гол «Ислочь» үшін ойындағы жалғыз нәтижелі әрекет болды.

Қазіргі уақытта «Ислочь» Беларусь чемпионатының турнирлік кестесінде 10-шы орында тұр.