Монтеррейде (Мексика) WTA-500 турнирінің жұптық сынында Қазақстандық теннисші Анна Данилина жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анна Данилина ресейлік тенничші Ирина Хромачевамен бірге Юлиана Олмос (Мексика) / Александра Панова (Ресей) жұбынан 6:7 (3:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Бұған дейін турнирдің ширек финалында Анна мен ресейлік Ирина Хромачева Данилина К.Петр (Польша) / О.Калашникова (Грузия) жұбын екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Анна Данилина жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқыңыз. Prosports.kz арнасына жазылыңыз!