«СЭ» хабарлағандай, америкалық шабуылшы Чейз Де Лео «Барыспен» бір жылдық келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кейінгі екі маусымда 28 жастағы хоккейші АХЛ-де «Анахайм» клубында ойнады. 2023/24 маусымында Лео тұрақты маусымда «Сан-Диего Гуллз» үшін 52 ойын өткізіп, 48 ұпай жинады (15 шайба, 33 нәтижелі пас).

Бұған дейін шабуылшы АХЛ-да «Виннипег», «Анахайм» және «Нью-Джерси» командаларында ойнаған. Ол лигада барлығы 7 ойын өткізіп, нәтиже көрсете алмады.

Айта кетейік, кеше «Барыс» қорғаушы Виктор Антипинмен және шабуылшы Антон Бурдасовпен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын. Біржақты келісімдер бір маусымға жарамды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқыңыз. Prosports.kz арнасына жазылыңыз!