Сенбі, 24 тамызда футзалдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары Астанада екінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан - Тәжікстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Командалардың алғашқы ойыны да Астанада, 22 тамызда өтіп, Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасы Аргентина мен Иран құрамаларына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқыңыз. Prosports.kz арнасына жазылыңыз!