Күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы тағы бір медаль жеңіп алды.

Әйелдер күресінен 46 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Медина Қуанышбек әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Ол кіші финалда украиналық Евгения Друзенкодан басым түсті.

Осылайша, қыздар командасы әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Анна Стратан (57 келі) мен Ұлдана Тілеухан (65 келі) үздік үштікке енген болатын.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқыңыз. Prosports.kz арнасына жазылыңыз!