Ұлттық құрама бас бапкеріне қазақ тілін үйретіп жүрген жазушы бапкер мен журналист арасындағы кикілжіңге пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Taspanews.kz сайтына сілтеме жасап

Станислав Черчесовқа қазақ тілін үйретіп жүрген жазушы Қанат Тасыбеков ел құрамасы бапкері журналистің қазақша сұраққа жауап бермегені үшін орынсыз сыналып жатыр дейді.

«Құрман жәй адам емес. Ол бүтіндей бір футбол Федерациясының вице-президенті. Нұрсұлтан Черчесовтың құрама бапкері қызметіне келгеніне разы емес секілді. Ол сол себептен орыс тілін біліп тұрып, қазақша сұрақ қойды. Құрман қазақ тілінен басқа тілді білмесе, оның бұл әрекетін түсінуге болатын еді. Мен Нұрсұлтан әбестікке жол берді деп ойлаймын», дейді Тасыбеков.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!