Алматыда осы минуттарда өтіп жатқан OCTAGON 62 ММА турнирінің басты кардының кезекті керемет жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жеңіл салмақта ресейлік жауынгер Хасан Бисултанов (10-2) қатарынан он жеңіс сериясында келе жатқан қазақстандық Теймур Жапаровпен (14-3-1) кездесті.

Бірінші раундта от оқиғаларға толы болды, Бисултанов жарақат алды, және Жапаров белден төмен соққысы үшін сары қағаз алды. Екінші бес минутта Қазақстаннандық жауынгер қарсыласына өз үстемдігін орната білді. Үшінші раунд Жапаров үздік көрінді. Төрешілер тең нәтиже тіркеп, күтпеген шешім шығарды.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!