Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 62 турнирінде бастапқы кардтың соңғы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр салмақтағы жекпе-жекте Түркияның 28 жастағы өкілі Буграхан Алпарслан (10-6) 19 жастағы қазақстандық Полат Мурсалиевпен (3-2) кездесті.

Кездесудің алғашқы секундтарында Мұрсалиевтің аяқ арасына жасаған соққысы қарсыласын "нокаутқа" түсірді. Түркиялық файтер кездесуді жалғастыра алмады. Жекпе-жек өтпеген болып танылды.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink